Мектепішілік "Жас Ұлан" , "Жас Қыран" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына оқушыларды қабылдау рәсімі
"№3 жалпы орта білім беретін аралас мектебі"КММ-ның 2,5-сынып оқушылары арасында Республика күніне орай мектепішілік "Жас Ұлан" , "Жас Қыран" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына оқушыларды қабылдау рәсімі өтті. Мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу. Жиында мектеп директоры Қамытбаев Қайрат Газизович құттықтау сөз сөйледі.